
2026 жылғы 19 мамырда Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Сессияға мәслихат төрағасы Омарғали Байғабылов төрағалық етті.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Депутаттардың шешімімен №16 сайлау округі бойынша депутат Ольга Игимбаеваның өкілеттігі жеке өтініші негізінде тоқтатылды.
Сонымен қатар, Қостанай қаласының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер енгізілді.
Сессия барысында №3 сайлау округі бойынша депутат Дмитрий Павленкоға қатысты депутаттық өкілеттікті мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз болған жағдай туралы ақпарат айтылды.