2026 жылғы 17 сәуірде облыстың Мемлекеттік қызмет істері департаменті өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді. Іс-шараға мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері қатысып, халыққа көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттыру бағыттары жан-жақты талқыланды.
Кездесу барысында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның негізгі нормаларына ерекше назар аударылды. Қатысушылар мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде заң талаптарын сақтау, қызмет алушылардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ қызмет көрсету мерзімдері мен сапа стандарттарын қатаң ұстану мәселелерін қарастырды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру, әкімшілік кедергілерді азайту, қызметтердің қолжетімділігі мен ашықтығын арттыру бағытындағы өзекті мәселелер қозғалды. Қызмет алушылармен кері байланысты күшейту, олардың өтініштері мен ұсыныстарын уақтылы қарау қажеттігі атап өтілді.
Семинар қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушылардың құқықтарын бұлжытпай сақтау, заң талаптарын қатаң орындау және қызмет көрсету сапасын жүйелі түрде арттыру бойынша нақты ұсынымдар қабылданды.