
Жол активтері сапасының ұлттық орталығы өкілдерінің, сондай-ақ ағымдағы жылы жол жұмыстарын іске асыруға тартылған мердігер ұйымдардың қатысуымен установкалық кеңес өтті.
Бекітілген жоспар аясында қаладағы жол инфрақұрылымын дамыту бойынша бірқатар жұмыстар қарастырылған. Атап айтқанда:
Кеңес қорытындысы бойынша жұмыстарды орындау мерзімдері белгіленді. Барлық жол жұмыстары 10 сәуірден басталады. Асфальтбетон зауыттарын іске қосу 15 сәуірге дейін қамтамасыз етілуі тиіс. Шұңқырларды жөндеу және кепілдік қызмет көрсету жұмыстары 1 мамырға дейін аяқталады. Ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары 1 қазанға дейін жалғасады.
Мердігер ұйымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне технологиялық талаптардың қатаң сақталуын, жұмыстардың сапасын және олардың белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.