Қостанай қаласының цифрлық инфрақұрылымын дамыту

Қостанай қаласының цифрлық инфрақұрылымын дамыту

Қостанай облысының цифрлық штабының отырысында Қостанай қаласының цифрлық инфрақұрылымын дамыту мәселелері қаралды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша 242 млн теңге сомасына 6 жоба іске асырылды. iKomek ахуалдық орталығы жұмыс істейді, тұрмыстық қатты қалдықтар мен қарды шығару үдерісін бақылаудың цифрлық сервистері енгізілді.

Smart Qostanai қосымшасы қаладағы 78 сервисті біріктіреді — дәрігерге жазылудан бастап коммуналдық қызметтерге дейін. Ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған шешімдер және тұрғын үй қорын цифрлық басқару жүйесі іске асырылды.

Қалалық инфрақұрылымды цифрландыру жалғасуда: бағдаршамдардың 72%-ы басқару жүйесіне қосылған, көшелік жарықтандырудың 65%-ы автоматты режимде жұмыс істейді, коммуналдық кәсіпорындардағы құрылғылардың 58%-ы деректерді қашықтан жеткізеді.

2026 жылы көшелік жарықтандыруды толық қамту, бағдаршамдардың 95%-ына дейін автоматтандырылған жүйеге қосу, жаяу жүргіншілер өткелдері мен балалар алаңдарында бейнебақылау енгізу, шамамен 50 проекциялық жаяу жүргіншілер өткелін орнату және жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді дамыту жоспарлануда.