Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Ағымдағы жылдың 30 наурызында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай аудандық аумақтық инспекциясы қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру және заң талаптарын түсіндіру болды.

Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі нормалары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері және қызметтік міндеттерді адал әрі ашық орындаудың маңыздылығы талқыланды.

Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, қойылған сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар алды.