
Мемлекеттік қызметшілердің адалдық, кәсібилік және клиентке бағдарлану мәдениетін қалыптастыру мақсатында, сондай-ақ Наурыз мерекесін атап өту дәстүрі аясында ағымдағы жылдың 19 наурызында Қостанай қаласы әкімдігі «Халыққа қызмет» атты «Мемлекеттік қызметтер киіз үйі» тақырыбында іс-шара өткізді.
Аталған іс-шараға қызмет көрсетушілер мен қызмет алушылар қатысты. Барлық қатысушыларға мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері бойынша ауызша түсіндірмелер берілді.