
Бүгін аппараттық кеңесте көктемгі мерекелерге дайындық мәселелері талқыланды.
Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шаралар Қостанай қаласында 5–8 наурыз аралығында өтеді.
14–22 наурыз аралығында Наурыз мейрамы аясында қалада 70-тен астам іс-шара жоспарланған. 40-тан астам киіз үй орнатылады, концерттер, спорттық-ойын-сауық және интерактивті бағдарламалар ұйымдастырылады.
21 наурыз күні барлық мерекелік бағдарламалар қаланың алты ауданында, сондай-ақ көпқабатты үйлердің аулаларында бір уақытта өтеді. Биыл алғаш рет облыс әкімдігінің алдындағы алаңда LED-экрандары мен жарық-дыбыстық жабдықтары бар үлкен сахна орнатылып, екі күн қатарынан жұмыс істейді.
Іс-шаралар туралы толық ақпарат Қостанай қаласы әкімдігінің ресми сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.