«Узкоколйная» ауданында еріген суларды бұру мәселесі бойынша көшпелі кеңес өтті

«Узкоколйная» ауданында еріген суларды бұру мәселесі бойынша көшпелі кеңес өтті

«Узкоколеиная» ауданындағы қар полигонынан еріген суларды бұру мәселесіне байланысты көшпелі кеңес өткізілді. Жақын маңдағы бизнес нысаны иесінің су басу қаупіне алаңдаушылығы негізінде барлық мәселелер сол жерде талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша:
— Қостанай қаласының Төтенше жағдайлар басқармасына еріген су деңгейін тұрақты бақылау үшін гидропост орнату;
— «Қостанай-Су» МКК-ға гидротехникалық құрылыстарды тазалау;
— ТКШ бөліміне аумақты нығайту және электр беру желілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету тапсырылды.

Қалада бес қар полигоны жұмыс істейді. Жыл басынан бері 216 мың тоннаға жуық қар шығарылды. Биыл еріген сулардың кедергісіз өтуі үшін арналарды тазалау және ішінара тереңдету жұмыстары жүргізіледі.