Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

2026 жылғы 17 ақпанда сегізінші шақырылған Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Отырысқа Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы Омарғали Байғабылов төрағалық етті.

Сессия барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қаралып, бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Депутаттар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасып, қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстарын білдірді.

Жиын қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, оларды іске асыру тетіктері айқындалды. Мәслихат жұмысы заң талаптарына және ашықтық қағидаттарына сәйкес жүргізілді.

Қостанай қалалық мәслихаты алдағы уақытта да қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды жалғастырады.