
2026 жылғы 4 ақпанда Қостанай қаласының әкімдігінде Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған қалалық актив өтті.
Іс-шараға мемлекеттік мекемелердің басшылары, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестердің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, білім беру мекемелерінің өкілдері және еңбек ұжымдары қатысты.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері жан-жақты қарастырылды. Аталған ережелер демократиялық институттарды одан әрі дамытуға, заң үстемдігі қағидаттарын нығайтуға, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге және билік органдарының қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Конституцияны талқылау азаматтарды мемлекеттік басқару үдерістеріне тартудың және құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызды кезеңі екені атап өтілді.