
Қостанайда ұлттық Мектеп лигасы аясында өткізілетін 7-8 сынып оқушылары мен қыздар арасында баскетболдан мектеп лигасының қалалық кезеңі басталды.
Жарыс 31 қаңтар мен 20 ақпан аралығында өтеді. Бірінші тур Юбилейный шағынауданы, 26а мекенжайында орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтеді.
Турнирге қаланың жалпы білім беретін мектептерінің құрама командалары қатысады. Қатысушылар мен жанкүйерлерді керемет матчтар, қарқынды күрес және командалық рухтың көрінісі күтеді.
Барлық командаларға сәттілік пен лайықты нәтижелер тілейміз.