Алдағы кезеңге арналған тұрақты комиссиялардың жұмыс жоспарлары

Алдағы кезеңге арналған тұрақты комиссиялардың жұмыс жоспарлары

2026 жылғы 26 қаңтарда Арман Исмаиловтың төрағалығымен Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Отырыс барысында қала дамуының өзекті мәселелері, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, коммуналдық шаруашылықтың жай-күйі, сондай-ақ тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар мәселелер қаралды. Тұрақты комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамаларды тыңдап, ұсыныстар мен пікірлер алмасты.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың атқарған жұмыстары туралы ақпараттар қаралып, алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар мен ұсынымдар қабылданды.