
18 қаңтар күні Қостанай облысының әуесқой командалары арасында 2025/2026 жылдар маусымындағы шайбалы хоккейден Облыстық лиганың финалдық ойындары өтті. Барлық командалар ұйымдастыру деңгейінің жоғары екенін, жақсы спорттық дайындық пен нағыз бәсекелестік рухты көрсетті.
Ойындардың қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1 орын — Қостанай қаласы.
2 орын — Рудный қаласы.
3 орын — Денисов ауданы.
Жарысқа Қостанай облысының әртүрлі өңірлерінен барлығы 16 команда қатысты. Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары, әділ әрі мәдениетті спорттық күрес көрсеткендері және өңірде шайбалы хоккейді дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз. Сонымен қатар жаттықтырушыларға, төрешілерге, ұйымдастырушыларға және жанкүйерлерге жарысты өткізу барысында көрсеткен қолдаулары мен жан-жақты көмектері үшін ерекше ризашылығымызды білдіреміз.
Шайбалы хоккейден Облыстық лига Қостанай облысында бұқаралық спортты дамыту және хоккейді кеңінен насихаттауда маңызды рөл атқаруды жалғастыруда.