2026 жылғы 21 қаңтар күні сағат 15:00-де Қостанай қаласында мүгедектігі бар адамдарға арналған «Мүмкіндік» атты облыстық әлеуметтік-құқықтық акция өтеді.

2026 жылғы 21 қаңтар күні сағат 15:00-де Қостанай қаласында мүгедектігі бар адамдарға арналған «Мүмкіндік» атты облыстық әлеуметтік-құқықтық акция өтеді.

Іс-шараға Қостанай облысының прокуратура органдары, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, жұмыс берушілер, оқу орталықтары мен еріктілер қатысады. Акция барысында еңбек және әлеуметтік құқықтарды қорғау мәселелері бойынша тегін құқықтық кеңестер беріліп, еңбек заңнамасының нормалары, соның ішінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квоталары, еңбек жағдайлары мен әлеуметтік кепілдіктер түсіндіріледі.

Өтетін орны: Қостанай қ., Юбилейный шағын ауданы, 56, «Жастар сарайы» ғимараты.

Анықтама телефондары: 8 (7142) 54-93-76, 53-01-03.