
2026 жылғы 20 қаңтардан 1 наурызға дейін Қостанай қаласында 2027 жылы іске асыру үшін "Халық қатысуы бюджеті" жобасы шеңберінде ұсыныстар қабылдау жүргізілуде.
Жоба тұрғындарға қала ортасын абаттандыру және дамыту жөніндегі іс-шараларға қалалық бюджет қаражатын бөлуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді. Жоба әкімшісі-"Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"ММ.
Қатысушылар: Қостанайдың кәмелетке толған тұрғындары.
Жобаны қалай тапсыруға болады:
Дауыс беру: 2026 жылғы 5-24 сәуір аралығында электрондық форматта. Сараптамалық кеңестің қорытындылары мен шешімдері әкімдіктің сайтында жарияланады.
Жобалардың іске асырылу барысы туралы ақпарат тұрғындар мен БАҚ үшін жария түрде қолжетімді болады.