
Мәслихат төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асыратын Арман Исмаиловтың төрағалығымен сегізінші шақырылған Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қаралып, күн тәртібіне енгізілген бірқатар маңызды сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Қатысушылар аталған мәселелер бойынша пікір алмасып, алдағы кезеңге арналған міндеттер мен бағыттарды айқындады.