
Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Екатерина Смышляева Қостанай қаласында орналасқан «Қостанай-Су» МКК-не барды.
Жұмыс сапарына AMANAT партиясының Қостанай облыстық филиалының төрағасы Алмат Досмұхамедов те қатысты. Кездесу барысында коммуналдық саладағы өзекті мәселелер мен саланы жүйелі дамытуға бағытталған бастамалар талқыланды.
Пікір алмасуға «Форфайт» ЭПК, КЖЭК, энергетика басқармасы және Бірыңғай есеп айырысу орталығының (БЕО) өкілдері де қатысты.
Кездесу барысында келесі негізгі мәселелерге ерекше назар аударылды:
Аталған мәселелердің бірқатары «Қостанай-Су» МКК тарапынан көтеріліп, Екатерина Смышляева оларды жеке бақылауына алатынын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар байланыс деректерімен алмасып, ұсынылған бастамаларды алдағы уақытта профильдік алаңдарда жан-жақты қарау және комиссиялық деңгейде пысықтау жөнінде келісімге келді.
Кездесу конструктивті форматта өтіп, коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жүйелі шешімдерді ілгерілетуде маңызды қадам болды.