Қала әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде қала әкімі «Кәсіпорындарға арналған үздік жаңажылдық безендіру» қалалық байқауының қорытындысын шығарды. Байқау аясында кәсіпкерлік субъектілерінің жаңажылдық безендіру жұмыстары бағаланып, үздік деп танылған қатысушылар марапатталды.
Аталған байқау қала аумағында мерекелік атмосфера қалыптастыру, бизнес нысандарының сыртқы көрінісін жақсарту және кәсіпкерлердің қаланың көріктенуіне қосқан үлесін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Бағалау барысында безендірудің тақырыпқа сәйкестігі, эстетикалық деңгейі, креативтілігі және жалпы көркемдік шешімі ескерілді.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сертификаттар мен сыйлық сертификаттары табыс етілді. Жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1 орын – «12 месяцев-Костанай» ЖШС;
2 орын – «Pasteria» мейрамханасы;
3 орын – «Altyn Badam» дүкені.