
Сіз бағдаршамдар мен көше жарығының ақаулары бойынша iKomek қызметіне келесі тәсілдердің бірі арқылы өтініш бере аласыз:
109 бірыңғай тегін нөміріне қоңырау шалу (тәулік бойы).
WhatsApp, Telegram чат-боты немесе Instagram желісінің директі арқылы жазу.
Мобильді қосымша арқылы жүгіну (мысалы, SmartQostanai).
Өтініштің тіркелуі және барынша жедел өңделуі үшін операторға төмендегі ақпаратты міндетті түрде хабарлауыңызды сұраймыз:
Нақты мекенжайы: көшенің атауы және жақын орналасқан үйдің нөмірі. Егер мәселе бағдаршамға қатысты болса, қиылысатын көшелердің атауын көрсетіңіз.
Мәселенің егжей-тегжейлі сипаттамасы.
Көше жарығына қатысты: «Бір шам жанбайды», «Бүкіл көшеде жарық жоқ», «Шам жыпылықтап тұр» немесе «Плафон сынған».
Бағдаршамға қатысты: «Бағдаршам толықтай өшіп тұр», «Белгілі бір түсі (мысалы, жасыл) жанбайды» немесе «Кері санақ таймері жұмыс істемейді».
Байланыс деректері: өзіңіздің байланыс нөміріңізді қалдыруыңызды сұраймыз.
Фото немесе видео айғақ. Егер өтініш мессенджерлер арқылы жолданса, ақауы бар нысанның фото немесе видеосын қоса жіберу қажет. Бұл жөндеу бригадасының орынды тезірек анықтауына көмектеседі.