
2025 жылғы 25 желтоқсанда Арман Оразалиевич Исмаиловтың төрағалығымен Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыс барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, жергілікті бюджеттің орындалу барысы, алдағы кезеңге арналған жоспарлар, сондай-ақ тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған шаралар талқыланды.
Комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамаларды тыңдап, ұсыныстар мен пікірлерін білдірді. Талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар жүктелді. Отырыс конструктивті әрі іскерлік жағдайда өтті.