
2025 жылғы 20 желтоқсанда Қостанай қаласында облыстың 14 ауданы мен қалаларынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараға ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең ассортиментін ұсынған 90-нан астам шаруашылық субъектілері қатысты. Өткізілген тауарлардың жалпы көлемі 333 тоннаны құрады, бұл қала тұрғындарының жоғары қызығушылығын және халықты қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін Жәрмеңкенің маңыздылығын растайды.