Өндірістік жарақаттанудың жай-күйі туралы

Өндірістік жарақаттанудың жай-күйі туралы

Ағымдағы жылдың 9 айында облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында қызметкерлердің еңбек қызметіне байланысты 95 жазатайым оқиға тіркелді. Жазатайым оқиғаларда 99 адам зардап шекті (өсім 44,7 %), оның ішінде: өліммен аяқталған - 7 адам (өсім 16,6 %), ауыр аяқталған – 25 адам (өсім 4,1 %), орташа аяқталған-16 адам (өсім 60 %) және жеңіл аяқталған-51 адам (өсім 88,8 %).

Зардап шеккендердің ең көп саны келесі қалалардың кәсіпорындарында байқалады: Қостанай - 52, Рудный – 8, Лисаков – 6, аудандарда: Алтынсарин – 5, Сарыкөл – 5, оның ішінде өліммен аяқталған: Қостанай қаласында – 3, Рудный қаласында – бір-бірден – Лисаков қаласында, Сарыкөл және Қамысты аудандарында, ауыр нәтижемен: Қостанай қаласында – 10, Лисаков қаласында – 3, екіден – Рудный, Қостанай, Меңдіқара және Қамысты аудандарында, бір-бірден – Арқалық қаласы, Қарабалық, Таран және Федоров аудандары.

Облыс бойынша еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардан зардап шеккен қызметкерлер санының жалпы өсуі негізінен қызметкерлердің жеңіл және орташа дәрежелі жарақаттар алуы есебінен болды, олардың жалпы зардап шеккендер санынан үлес салмағы 67,6%-дан астамды немесе 67 зардап шегушіні құрады.

Өндірістік жарақаттануға неғұрлым бейім салалар: тау-кен металлургия саласы - 11, ауыл шаруашылығы - 12, шағын бизнес ұйымдары – 13, коммуналдық сипаттағы кәсіпорындар – 8, басқалары – 40 сала болып қалуда.

Тергеп-тексеруді талдау алынған жарақаттар негізінен жұмыс берушілер тарапынан ұйымдық сипаттағы басқарылатын «адами фактор» себептерінен туындағанын куәландырады, мысалы: жұмыс жүргізуді қанағаттанғысыз ұйымдастыру; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын бұзу; жұмыстарды оқытусыз, нұсқамалықсыз және білімін тексерусіз орындауға жіберу; қызметкерлерді жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз етпеу, сондай-ақ зардап шеккендердің өздерінің өрескел абайсыздығы.

Тәжірибе көрсеткендей, облыстың көптеген кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ететін қызметтер мен жауапты тұлғалар жоқ, ал олар бар жерлерде жұмыс ресми деңгейде жүргізіледі.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ұлттық және халықаралық стандарттар (ONSAS 180001:2007 еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесі, МЕМСТ 12.0.230-2007 Мемлекетаралық стандарты) енгізілмейді, олар бірінші кезекте өндірістік жарақаттануды азайтуға, яғни жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды басқару жүйесін құруына бағытталған. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер жоқ. Еңбек жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жүргізілмейді. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуді арттыруға және жетілдіруге бағытталған іс-шаралар жеткіліксіз қаржыландырылады. Қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін ескірген жабдықтар мен механизмдер пайдаланылуда.

Сонымен қатар, жұмыс берушілер тарапынан жоғарыда көрсетілген проблемалық мәселелерді шешу еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз етуді арттыруға және өндірістік жарақаттануды төмендетуге ықпал ететін болады. Бұл жерде жұмыс берушілер әрбір жазатайым оқиғаның артында сіздің қызметкеріңіздің және оның отбасының өмірі мен денсаулығы тұрғанын ұмытпаған жөн.   

Өндірістік жарақаттануды төмендету мақсатында облыста 2019-2023 жылдарға арналған өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын төмендету жөніндегі жол картасы (бұдан әрі – жол картасы) іске асырылуда.

Осы жол картасы аясында мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыс берушілермен ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша 5169 адамды қамтумен 38 «дөңгелек үстел» және жұмыс берушілермен және еңбек ұжымдарымен 115 кездесу өткізілді. Мерзімді баспасөзде және жергілікті атқарушы органдардың ресми сайттарында 40-тан астам жарияланым орналастырылды, теледидарда 4 сөз сөйлеу жүзеге асырылды.

Жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жұмыстары жүргізілді. Жұмыстың бұл бағыты ең алдымен облыстың қауіпті, зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында 15416-дан астам қызметкердің жұмыс істеуіне байланысты.

Есепті кезеңде еңбек жағдайлары бойынша 34 кәсіпорында 1978 жұмыс орны аттестатталды. 1098 жұмыс орны еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың белгіленген талаптарына сәйкес келді. Аттестацияланбаған жұмыс орындары бойынша жұмыс берушілер оларды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына келтіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізеді.

Облыстың оқу білім беру орталықтары кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жауапты қызметкерлерін кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға көңіл бөледі.  Оқу орталықтарында 2027 басшылар мен жауапты тұлғалар сертификаттар ала отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша, облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқытудан және білімдерін тексеруден өтті.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларынан еңбек заңнамасына сәйкес еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды, сондай-ақ қызметкерлердің оларды сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қабылдауды сұраймын.

«Қостанай облысы әкімдігінің

еңбек инспекциясы жөніндегі

басқармасы» ММ басшы                                                                                                    Е. Тоқтағұлов