NeoPro.Meta бағдарламалық-аппараттық кешенін «Қостанай-Су» КМК-на енгізу мәселесін талқылау

NeoPro.Meta бағдарламалық-аппараттық кешенін «Қостанай-Су» КМК-на енгізу мәселесін талқылау

Бүгін «НеоПро» ЖШС өкілдері «Қостанай-Су» КМК-на жұмыс сапарымен келді. Жұмыс кеңесі барысында NeoPro.Meta бағдарламалық-аппараттық кешені таныстырылып, оның негізгі модульдері: NeoPro.IoT, Billing, Client, CEO және Scada көрсетілді.

Талқылау мен демонстрацияға «КТЭК» КМК өкілдері, Қостанай қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімі, сондай-ақ «Қостанай-Су» КМК мамандары қатысты.

Қатысушылар кәсіпорынның жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған жүйені енгізу, цифрландыру және оның мүмкіндіктеріне қатысты сұрақтар қойды.

«Қостанай-Су» КМК компанияға жан-жақты презентациясы мен сындарлы диалогы үшін алғыс білдіреді.