
Қостанай қаласының білім беру ұйымдарында Ұлттық мектеп лигасы бағдарламасы аясында 9–11 сынып жасөспірімдері арасында футзалдан қалалық жарыстар өтті. Қалалық мектеп футзал Лигасына жалпы 31 команда, яғни 400 оқушы қатысты.
Қалалық жарыстардың қорытындысы бойынша:
1-орынды А. Бірімжанов атындағы жалпы білім беретін мектептің жасөспірімдер командасы иеленді.
2-орынды М. Қозыбаев атындағы №23 жалпы білім беретін мектептің командасы алды.
3-орынды А.М. Горький атындағы гимназияның жасөспірімдер командасы жеңіп алды.
Жеңімпаз командаларды құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жеңістер тілейміз!