
Кезекте тұрғандардың көбісін барынша тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ үй салуға жұмсалған бюджет қаражатын қайтару мүмкіндігін жедел іске асыру мақсатында Қостанай қаласы «Қонай» шағын ауданында бюджет есебінен тұрғызылған дайын жеке тұрғын үйлерді іске асыру механизмі іске қосылады.
Шағынаудан аумағында жеке тұрғын үй құрылысы үшін барлығы 1792 жер учаскесі қарастырылған, оның 1668-і бос, ал 124-і бір қабатты және екі қабатты тұрғын үйлер ретінде салынған.
Барлық үйлер инженерлік коммуникациялармен және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Жер учаскелерінің ауданы – 8 сотық.
Тұрғын үйді қолма-қол есеп айырысу арқылы да, тұрғын үйді несиелеу механизмі бойынша Екінші деңгейдегі банктер арқылы да сатып алуға болады.
2025 жылғы 11 қарашадан бастап 1-ден 43 287-ге дейінгі нөмірмен кезекте тұрған азаматтар жүгіне алады. Өтініштерді қабылдау Қайырбеков көшесі, 75 мекенжайында орналасқан «Жер қатынастары бөлімі» ММ жүргізіледі. Байланыс телефоны: +7 7142 54 00 97. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз және ЭЦҚ болуы қажет.
Үйлерді Қонай ш.а., 17 квартал, 1 үй мекенжайы бойынша қарап шығуға болады: жұмыс күндері — сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін (түскі ас 13:00-ден 14:00-ге дейін) және сенбі күні — сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін.
Рәсімнің ашықтығы үшін жұртшылық өкілдері мен депутаттардың қатысуымен жұмыс тобы құрылды. Өтініштерді қарағаннан кейін қала әкімдігі осы жоба аясында үй сатып алуға мүмкіндік алған жер учаскелеріне кезекте тұрған азаматтардың тізімін бекітетін болады.