Су беруді уақытша тоқтату

Су беруді уақытша тоқтату

Апаттық жағдайда ысырма арматурасын ауыстыру жұмыстарына байланысты 2025 жылғы 12 қараша күні сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін Қостанай қаласы, Гашек көшесі 4 мекенжайындағы су құбыры желілерінде жүргізілетін жұмыстарға орай ауыз судың берілуі төмендегі мекенжайлар бойынша уақытша тоқтатылады:

Тұрғын үйлер:

Гашек көшесі — 2/1, 2/3, 4/1, 6/1, 6/2.

Әлеуметтік нысандар:

Гашек көшесі, 2 — Қостанай арнайы кешені (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған балабақша-мектеп-интернат).

Гашек көшесі, 4 — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті.

Гашек көшесі, 4/1 — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің өткізу пункті.

Гашек көшесі, 6 — Қалалық офтальмологиялық көпсалалы аурухана.

«Қостанай-Су» МКК келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.