
Облыстың Әдеп жөніндегі уәкілі мен Мемлекеттік қызмет департаментінің қолдауымен "Мемлекеттік қызметтегі кемсітушілік пен теңсіздіктің алдын алу" тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Спикерлер мемлекеттік органдардың қызметін жүзеге асыру кезінде гендерлік және әлеуметтік теңдіктің, жанжалдарды реттеу үшін азаматтармен дұрыс қарым-қатынас жасау ережелерін сақтаудың, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жан-жақты шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.
Семинар қорытындысы бойынша өзекті мәселелер талқыланып, тиісті ұсыныстар әзірленді.