Прокуратура, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті, «Қостанай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ және судьялар корпусы өкілдерінің қатысуымен жер заңнамасы нормаларын қолдану мәселелері бойынша онлайн режимінде кеңес өткізілді. Күн тәртібінде жер учаскелеріне жалдау мерзімін ұзарту кезінде ҚР Жер кодексінің 37 – бабының нормаларын қолдану туралы мәселе қаралды, баяндамашы ретінде «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы Д.К. Тұрсынбаева сөз сөйледі. Кеңес барысында қатысушылар жер учаскелеріне жалдау мерзімін ұзарту кезіндегі проблемалық мәселелерді талқылады.
Кеңес қорытындысы бойынша, қатысушылардың пікірлерін ескере отырып, қала әкімі Қ.Ж. Ахметов «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ-не орындарға баруды және жергілікті жердегі жер учаскелеріне нақты тексеру жүргізуді, учаскені игеру жағдайына байланысты шешімдер қабылдауды, сондай-ақ күн тәртібінде көрсетілген мәселелер бойынша заңнаманы қатаң сақтауды тапсырды.
Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі