Республика күніне арналған ұлттық диктант

Республика күніне арналған ұлттық диктант

Қостанай қаласы әкімдігінің қызметкерлері «Республика күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ұлттық диктант» акциясына белсене қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау, сауаттылық мәдениетін арттыру және ұлт зиялыларының мұрасын дәріптеу болды.

Диктант жазу барысында қатысушылар қазақ халқының ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларынан алынған «Оқу жайы» және «Отан» тақырыптарындағы мәтіндерді жазды.

Бұл шара қызметкерлерге өз білімін сынап қана қоймай, ұлт ұстазының рухани мұрасына қайта үңілуге мүмкіндік берді.