Қостанайда "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында аулалар жаңартылуда

Қостанайда "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында аулалар жаңартылуда

Қостанай қаласында «Халық қатысатын Бюджет» бағдарламасы аясында аулаларды абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Бағдарлама тұрғындарға өз аулаларын қалай жақсартуды өздері таңдауға мүмкіндік береді.

Биыл қалада 40 балалар мен спорт алаңы орнатылды, оның 30-ы қостанайлықтардың бастамасымен жүзеге асқан.

№9 шағынауданындағы №14 көпқабатты үйдің тұрғындары ұйымдастырған «Аула мерекесінде» жаңартылған аула таныстырылды. Мұнда спорт корты, балалар ойын алаңдары, тренажерлер, шатырлы орындықтар орнатылып, жарықтандыру жүйесі жаңартылды және жаңа төсеніштер төселді.

Қала әкімдігі тұрғындардың белсенділігін ерекше атап өтіп, ПИК төрайымы Марина Павловаға жауапкершілігі мен бастамашылдығы үшін алғыс білдірді.

Қостанайда барлығы шамамен 550 аула бар, олардың 64%-ында – яғни 350-дей аулаларда – балалар және спорт алаңдары орнатылған. Соның ішінде 51 аула «Халық қатысатын Бюджет» бағдарламасы арқылы абаттандырылған. Бағдарлама келесі жылы да жалғасады.