Уақытша ыстық судың өшірілуі – 2025 жылғы 16 қазан

Уақытша ыстық судың өшірілуі – 2025 жылғы 16 қазан

Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» ШЖҚ КМК хабарлайды:

2025 жылғы 16 қазан күні сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін «Қостанай Су» ШЖҚ КМК жаңа тұтынушыларды жоспарлы қосуға байланысты қазандыққа су беру тоқтатылады.

Осыған байланысты аталған уақытта «Kostanay Plaza» сауда орталығында және келесі 14 көпқабатты тұрғын үйде ыстық су беру уақытша тоқтатылады:

Назарбаев даңғылы №195,197,199,205,207,209,211,213,215,223,225,227,229,231.

Қазандық жылу беру режимінде жұмысын жалғастырады.

Көпқабатты тұрғын үйлердің жауапты тұлғалары мен МИБ төрағаларынан ыстық су жүйесінің жылу алмастырғыш жабдығын сенімді түрде ажыратуды сұраймыз.

Су беру қалпына келтірілгеннен кейін ыстық су қайта қосылады.