Бар болғаны екі күн ішінде өткен «Тасымалдаушы» операциясы барысында жолаушы тасымалдаумен айналысатын жүргізушілер тарапынан 317 құқықбұзушылық тіркелді. Рейдтің басты мақсаты — жазалау емес, жолдағы қауіпті жағдайлардың алдын алу.
Анықталған құқықбұзушылықтардың қатарында — жолаушыларға тиісудің 44 жағдайы, мас күйінде көлік жүргізген 7 жүргізуші және қарсы бағытқа шығып кету бойынша 8 бұзушылық тіркелді. Айыптұраққа қойылған 25 көліктің бір бөлігі шетелдік нөмірлермен жүрген. 6 жүргізуші мемлекеттік нөмірлерінен айырылды.
Ерекше назар заңсыз тасымалдаушыларға аударылды. Олардың саны 20, соның ішінде екеуі рөлі оң жақ бетте орналасқан көлікті басқарған. Мұндай жағдайлардың бірі Қостанай–Әулиекөл–Сұрған тас жолында тіркелді: Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі, Астана тұрғыны, 6 жолаушыны заңсыз тасымалдаған.
«Біз алаңдатарлық көріністі байқап отырмыз: адамдар рұқсатсыз маршрутқа шығып, ережелерді бұзып, өзге жолаушылардың өміріне қауіп төндіруде. Біздің мақсатымыз — жолаушылар тасымалын қауіпсіз ету», — деп түсіндірді Қостанай облысы ПД ЖПҚБ аға инспекторы Олеся Бабич.
Полиция өңір тұрғындарын қырағы болуға және тек ресми тасымалдаушылардың қызметін пайдалануға шақырады.