Облыстың жаңа прокурорының ресми таныстырылымы өтті

Облыстың жаңа прокурорының ресми таныстырылымы өтті

Қостанай облысының прокуратура ғимаратында облыстың жаңа прокуроры Марат Сексембаевтың ресми таныстырылымы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Ғабит Садырбеков, облыс әкімі Құмар Ақсақалов, құқық қорғау органдарының басшылары мен жұртшылық өкілдері қатысты.

Рәсім барысында Бас Прокурордың орынбасары жаңадан тағайындалған басшының кәсіпқойлығы мен бай тәжірибесін атап өтіп, оның өңірдегі прокуратура органдарының қызметін тиімді ұйымдастыруға, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және халықпен өзара іс-қимылды нығайтуға қабілеттілігіне сенім білдірді.

Облыс әкімі өз кезегінде жаңа прокурорға заңдылықты қамтамасыз етуге, азаматтар мен бизнестің құқықтарын қорғауға байланысты өңірдің өзекті мәселелерін шешуде сындарлы ынтымақтастыққа дайын екендігін білдіріп, жұмыста табыс тіледі.

Облыс прокуроры көрсетілген сенім үшін алғысын білдіріп, заңдылықты нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекет пен қоғамның мүдделерін қорғауға бағытталған ашық және нәтижелі жұмысқа дайындығын атап өтті.

https://www.youtube.com/shorts/AoIFfCNuYQo