Аппараттық кеңес өткізу туралы

Аппараттық кеңес өткізу туралы

Аппараттық кеңес өткізілді. Күн тәртібінде Қостанай қаласындағы орта жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің құрылысы туралы және 2021 жылы білім беру объектілерінде жоспарланған жөндеу жұмыстары туралы мәселелер белгіленді, баяндамашы ретінде «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» ММ басшысы Н.К. Құрманғалиев және «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ басшысының м.а. Г.А. Оразбаева сөз сөйледі. Аппараттық кеңес барысында қала әкімі Қ.Ж. Ахметов ММ жаңа басшыларын таныстырды:

1.2020 жылғы 07 қазандағы өкіммен А.К. Өтебаев Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

2.2020 жылғы 12 қазандағы өкіммен О.С. Өмірзақов Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Кеңес қорытындысы бойынша, мемлекеттік мекемелердің басшыларына жалпы орта білім беретін мектептер, мектепке дейінгі мекемелер құрылысы және 2021 жылы Қостанай қаласының білім беру объектілерінде жөндеу жұмыстарын жоспарлау бойынша жұмысты жалғастыруды, сондай-ақ күн тәртібінде көрсетілген мәселелер бойынша заңнаманы қатаң сақтауды тапсырды.      

Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі