Қала әкімі бүгін 2024 жылдың көктемінде су тасқынынан зардап шеккен «Дөңгелек қатарлар» ауданындағы тұрғын үйлерді бұзу барысымен танысты. Барлығы шамамен 170 үй су астында қалып, оның 146-сы тұрғындарға жарамсыз деп танылған.
Қазіргі таңда 112 үй иесінің 98-іне өтемақы төленіп, «Қонай» шағын ауданында 14 жаңа үй салынды. 15 қазанға дейін тағы 30 үйді бұзу және утилизациялау жоспарланған.
Красный Кузнец көшесінен төмен орналасқан аумақ толық абаттандырылып, Триатлон паркпен және «Шағала» жағалауымен біріктіріледі. Мұнда қала тұрғындары үшін біртұтас рекреациялық аймақ құрылады.
Инфрақұрылымы сақталған бірнеше сапалы үйлерді әлеуметтік қажеттіліктерге пайдалану жоспарлануда. Осы аумақта заманауи спорт және ойын алаңдары, шығармашылық пен демалыс орындары, сондай-ақ аула клубтары жұмыс істейтін балалар лагері ұйымдастырылады.
Қаланың білім бөліміне осы аумақты тиімді пайдалану бойынша нақты ұсыныстар дайындау тапсырылды.