Бүгін дәстүр бойынша, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ұзақ жылдар қызмет атқарған еңбек ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында ардагерлерді мерекемен құттықтап, ағымдағы жобалар мен қаланы дамыту жоспары жайлы айтылды.
Мерекелік түскі астан кейін ардагерлерге елдің жетекші автомобиль кәсіпорындарының бірі – «Allur» зауытына экскурсия өткізілді, онда жаңа модельдегі автокөліктермен танысты.
Еңбек ардагерлері әрдайым қаланың өміріне белсенді қатысып, тәжірибесі мен құнды кеңестерін бөліседі. Осындай адамдардың арқасында ұрпақ сабақтастығы мен қоғамға қызмет ету рухы сақталады.
Кездесу соңында қала әкімі аға буын өкілдеріне еңбегі, даналығы мен туған жеріне деген сүйіспеншілігі үшін шынайы алғыс білдіріп, денсаулық, ұзақ өмір және отбасыларға амандық тіледі.