Электр желілерінің күзет аймағы – электр желілерін сақтауын қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері, су және әуе кеңістігі.
Электр желілерінің күзет аймақтары жер учаскесі түрінде және шеткі сыымдардың кескіндерінің екі жағынан жер бетінде тұрған (олардың ауытқымаған қалпында) тіктүзу қоршаулармен шектелген әуе кеңістігі түрінде электр беру желісінің бойымен (ғимаратқа кіретін тармақтарды қосқанда) белгіленеді.
Күзет аймақтары белгіленеді, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, электр желілерін пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау және жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін жер учаскелері бөлінеді.
Электр желілерінің күзет аймақтары жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін иемдемей, белгіленеді.
Ауыл және қала құрылыс шектерінде әуе және кабель желілері өткенде жергілікті атқарушы органдарға ауданның құрылысын рұқсат беру кезінде электр желілерінің күзет аймақтарының құрылысын тыйым салады.
Электр желілерінің күзет аймақтары төмендегідей белгіленеді:
Қарамағында электр желілері бар ұйымның келісімінсіз электр және жылу желілері жолдарының күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсіру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтарды орнатылуына байланысты іздеу жұмыстарын жүргізуге, алаңдарды, автомобиль көлігі тұрақтарын жайластыруға, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыруға, материалдарды жинап қоюға, қоршаулар мен дуалдарды соғуға, күйдіргіш коррозиялық заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастауға және төгуге жол берілмейді.
Электр желілерінің күзет аймақтарында көрсетілген жұмыстарды жүргізуге жазбаша келісім алған жеке және заңды тұлғалар өздерінің жеке қаражаты есебінен желілердің сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларды сақтай отырып, оларды орындайды.
Күзет аймағында жер жұмыстарын жүргізетін жеке және заңды тұлғалар жұмыс өндірісінің техникалық құжаттамасында көрсетілмеген кабельді анықтаған кезде осы жұмыстарды дереу тоқтатып, кабельдің сақталуы мен тұтастығын қамтамасыз етушараларын қабылдайды және бұл туралы иелігінде электр желілері орналасқан жақын энергия беру ұйымынан немесе жергілікті атқарушы органдарға хабарлайды.
Жеке және заңды тұлғалар электр желілерінің күзет аймақтарындағы қарауында электр желілері орналасқан ұйымдардың электр желілерінің сақталуын және жазатайым жағдайлардың алдын алуды қамтамасыз етуге бағытталған талаптарын орындайды. Қарауында электр желілері бар ұйымдар электр желілерінің күзет аймағында жеке және заңды тұлғалар жұмыстар жүргізу кезінде адам өміріне қауіп төнген жағдайда бұл қауіпті жойғанға дейін жұмыстарды тоқтата тұрады.
Электр желілерін жеке және заңды тұлғалардың кінәсі бойынша зақымдаған кезде ұқсанды өтеу қарауында осы желілер бар ұйыммен жасалған авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын орындаушы ұйымдардың келісілген сметасы бойынша толық көлемде олардың есебінен жүргізіледі.
ҚР ӘҚБтК-нің 305-бабына сәйкес, құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсіру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтарды орнатуға байланысты іздестіру жұмыстарын жүргізгені, алаңдарды, автомобиль көлігі тұрақтарын жайластырғаны, базарларды, құрылыстарды орналастырғаны, материалдарды жинағаны, қоршаулар мен қоршаулар салғаны, каустикалық коррозиялық заттар мен жанармай құю және төгу үшін - электр және жылу желілері желілерінің, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарында ғимараттар мен материалдарын ұйыммен келіспей-ақ, қарауында электр немесе жылу желілері не газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері бар жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.
Қолда бар мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментіне Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75 ғимарат, № 320 кабинет мекенжайы бойынша +7 (7142) 50 02 60 телефоны арқылы немесе «E –Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жүгіне алады.