Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2020 жылғы 6-7 қазан күндері «Жаңа әліпби негізіндегіқазақ тілі емлесінің ережелерін оқыту» тақырыбында қалалық онлайн семинарөткізді.
Семинар-тренинг «Латын әліпбиіне көшу «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп отыр.
Семинарға Қостанай қаласының мектептерінен қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Аталған іс-шара барысында жаңа емле ережесіндегі кейбір дыбыстардың, шеттілдік сөздердің жазылуы түсіндіріліп, диктант жазылды, тест тапсырмалары берілді, бейнероликтер арқылы оқыту слайдтары ұсынылды.
Семинар қатысушыларына сертификат табысталды.