2025 жылғы 18 қыркүйекте Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырысты мәслихат хатшысы Арман Исмаилов жүргізді. Шараға Қостанай қаласы әкімінің орынбасары және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қатысты.
Отырыста төмендегі мәселелер қаралып, депутаттардың бірауыздан қолдауымен шешімдер қабылданды:
«Қостанай қаласының 2025–2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №147 шешіміне өзгерістер енгізу.
Мәслихаттың 2022 жылғы 15 наурыздағы №95 және 2023 жылғы 21 қыркүйектегі №53 шешімдеріне өзгерістер енгізу (қылмыстық жазаларды орындайтын мекемелерге жәрдемдесу жөніндегі консультативтік органның дербес құрамы).
«Қостанай қалалық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту.