Қостанай қаласындағы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының барысы

Қостанай қаласындағы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының барысы

Бүгін Қостанай қаласына елді мекендерді кешенді абаттандыру және көгалдандыру аясында жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов келді. Сапар барысында ол қаладағы саябақтар мен жағалау аймақтарын аралап көрді.

Қала инфрақұрылымын дамыту аясында орталық көпірдің астында жаяу жүргіншілерге арналған арнайы жол салынды. Бұл жол жағалаудың екі бөлігін біріктіріп, біртұтас серуен аймағын құрады. Қазіргі таңда жағалаудың ұзындығы 2,5 шақырымды құрап, «Шағалы» жағалауынан Триатлон-паркіне дейінгі аумақты қамтиды.

Триатлон-паркте 16 балалар және спорт алаңдары орнатылды. Сонымен қатар инженерлік желілер, суару және жарықтандыру жүйелері бойынша жұмыстар аяқталуға жақын. Қазан айының соңына дейін фонтан мен шағын сәулет нысандары бар кіреберіс бөлігінің құрылысы толықтай аяқталмақ.

«Ұлы Дала» паркінде де бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Мұнда балалар алаңы жасақталып, футбол алаңдары жөнделді. Каскадты фонтан қайта жаңартылуда, жаңа абаттандыру элементтері орнатылып, суару жүйесі жабдықталды. Соның нәтижесінде көгалдандырылған аумақ кеңейіп, жасыл желектердің сақталуына жағдай жасалды.

Биылғы жылы Қостанай қаласында жеті жаңа демалыс аймағы құрылуда. Олардың қатарында Ахмет Байтурсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті аумағындағы саябақ, «Қонай» шағынауданындағы, теміржол вокзалы жанындағы, Касымханова, Абай көшесі (164 үй маңы), Баймағамбетов көшесі (164 үй маңы), Дулатова көшесі бойындағы және облыстық әкімдік аумағындағы скверлер мен қоғамдық кеңістіктер бар.

Айта кету керек, Қостанайда көгалдандыруға айрықша назар аударылуда. Барлық саябақтарда автоматты суару жүйелері орнатылып, қаланың жасыл желектер көлемі жыл сайын артып келеді.