Бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері, қаланың Құрметті азаматы Қасымхан Алдабергенұлы Алдабергеновтың 100 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті.
Соғыстан кейінгі кезеңде Қасымхан Алдабергенұлы өзінің бүкіл өмірін білім беру саласына және журналистикаға арнады. Ол қаланың әлеуметтік-мәдени дамуына, жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне және қоғамның рухани құндылықтарын қалыптастыруға зор үлес қосты.
Мерейтой иесі ғасырлық белесін отбасының, бала-шағасы мен немерелерінің ортасында атап өтті. Ардагер тұрғындарға бейбіт өмір, амандық және игілік тіледі.
Қаланың басшылығы мен депутаттық корпус өкілдері ардагерге ел алдындағы еңбегі үшін ризашылық білдіріп, шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасына амандық пен бақ-береке тіледі.