Қала орталығында, Қасымханов және Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында орналасқан скверді абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Мақсатымыз – Қостанайдың бай тарихын заманауи архитектуралық шешімдер арқылы көрсету және бұл скверді қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа тартылыс нүктесіне айналдыру.
Сквердің орталық бөлігінде жайлы демалыс аймақтары бар дөңгелек пергола орналастырылады. Басты назар – Қостанай символын бейнелейтін, биіктігі 2 метрден, ені 1 метрден аспайтын шағын сәулет нысанына аударылған. Бұл арт-объект түпнұсқа белгі, жарықтық немесе мультимедиялық инсталляция, мүсіндік элемент не өзге де символдық композиция түрінде болуы мүмкін.
Құрметті қостанайлықтар, сіздердің ұсыныстарыңыз бен идеяларыңызды күтеміз! Түсініктемелерде қаламыздың символын қалай көргіңіз келетінін жаза аласыздар. Арнайы комиссия ең үздік бес нұсқаны іріктеп, жобаны жүзеге асыру барысында пайдаланады.
Пікірлеріңізді қалдыру үшін қала әкімінің ресми Instagram парақшасына өтуіңізді сұраймыз: @marat_zhundubaev