«Қонай» шағын ауданында жер учаскелерін бөлу жұмыстарының барысы қаралды

«Қонай» шағын ауданында жер учаскелерін бөлу жұмыстарының барысы қаралды

Жалпы аталған ауданда 1967 үйдің құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 14 учаске су тасқынынан зардап шеккендерге берілсе, 161 учаске құрылыс бөліміне бюджет есебінен тұрғын үй салу үшін бекітілді. Қалған 1792 учаске кезектегілерге арналды.

Аталған учаскелердің қатарында 124-і дайын тұрғын үйлермен қамтылған. Барлық үйлер толық әрлеумен пайдалануға беріліп, инженерлік желілерге қосылған. Сондай-ақ кіреберіс жолдармен және қоршаумен қамтамасыз етілген. Бұл үйлерді азаматтар банк арқылы несиелендіру немесе қолма-қол қаражат есебінен сатып ала алады. Осылайша, кезектегілер үшін екі мүмкіндік ұсынылды: өз күшімен үй салу үшін жер учаскесі немесе инфрақұрылымы толық дайын тұрғын үй.

Қалған 1668 учаске үлгілік жобалар бойынша құрылыс жүргізу үшін беріледі. Олар үш жыл ішінде құрылыс аяқталғаннан кейін меншікке рәсімделетін жалға ұсынылады.

Инвентаризация жарияланған уақыттан бері 1430 кезектегі өз деректерін жаңартты, оның ішінде алғашқы үш мыңның 932-сі бар.

Барлық кезектегілерге деректерді https://map.gov4c.kz/egkn/ сайты арқылы немесе 54-00-97 телефоны арқылы жаңарту қажет.