"Қостанай қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі" ММ ағымдағы жылдың 15 және 16 тамызында қала күнін мерекелеуге байланысты қалалық маршруттардың жұмыс кестесі сағат 22.00-ден 01.00-ге дейін ұзартылатынын хабарлайды.
16 тамызда қала күнін мерекелеу кезінде Тәуелсіздік көшесі-Толстой көшесінің шекарасындағы Алтынсарин көшесінің учаскесі жабылады. Қалалық және қала маңындағы маршруттарды айналып өту қоса берілген схемаға сәйкес жүзеге асырылатын болады.