2025 жылғы 6 тамызда Қостанай қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, отбасылық-демографиялық саясат және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы Костенюк Надежданың төрағалығымен өтті.
Кездесу барысында халықты әлеуметтік қолдау, демографиялық бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен әріптестікті нығайтуға қатысты өзекті мәселелер қаралды. Комиссия мүшелері қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстарды талқылап, балалар тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау, жұмыспен қамту мәселелері және инклюзивті ортаны дамытуға баса назар аударды.