Бас кәріз-сорғы станциясы аумағында «Қостанай Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметкерлері үшін қауіпсіздік техникасы бойынша практикалық оқу-жаттығулар өткізілді.
Іс-шараға 45 қызметкер қатысып, өндірістік қызметпен байланысты түрлі төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын пысықтады.
Негізгі бағыттар:
Жүрекке жанама массаж жасау
— дұрыс ырғақ пен техниканы меңгеру;
— нақты санау және әрекеттердің реттілігін сақтау;
— медицина қызметкерлері келгенге дейін алғашқы көмек көрсету.
Су құбыры құдығынан зардап шеккен адамды құтқару
— командалық жұмысты практикалық тұрғыда пысықтау;
— түсіп-шығу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау;
— тар кеңістікте әрекет етуді моделдеу.
Өрт сөндіргішті пайдаланып, өрт ошақтарын сөндіру
— отпен жұмыс істеу кезінде қауіпсіз қашықтықты сақтау;
— тыныс алу және көру органдарын қорғау;
— алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды орындау.
Барлық жаттығулар практикалық түрде өткізілді. Негізгі назар – дәлдікке, келісімді әрекетке және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға аударылды.
«Қостанай Су» МКК – қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мен әр қызметкердің дайындық деңгейін арттыруға тұрақты түрде көңіл бөледі.