Қостанай қаласының әкімі құраманы Спартакиададағы жеңісімен құттықтады

Қостанай қаласының әкімі құраманы Спартакиададағы жеңісімен құттықтады

Қостанай қаласының әкімі XXXVIII облыстық Спартакиадада жеңіске жеткен қалалық құраманы құттықтады.

«Барша қостанайлықтар атынан Қостанай қаласының құрамасын облыстық Спартакиададағы айқын жеңісімен құттықтаймын! Соңғы он үш жыл бойы біздің команда өңірдегі басты спорттық жарыстардың чемпионы атағын сенімді түрде сақтап келеді», – делінген құттықтауда.

Биылғы жарыста Қостанай қаласының намысын 118 спортшы қорғап, бағдарламадағы 21 спорт түрінің бәріне қатысты. Қорытындысында команда 352 ұпай жинап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.

Қала әкімі барлық спортшыларға табандылығы мен жеңіске деген жігері үшін алғыс білдіріп, алдағы спорттық биіктерде де сәттілік тіледі.