Аумақтағы электр кабельдерінің зақымдалуына байланысты "Қостанай Су" МКК электр энергиясының апаттық сөнуі орын алды. Осы ажыратудың нәтижесінде сумен жабдықтау жүйесіндегі қысымның төмендеуі байқалады. Қазіргі уақытта авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Электрмен жабдықтауды қалпына келтіру бойынша жұмыстарды орындау мерзімі шамамен 4-5 сағатты құрайды.
Жұмыстар аяқталғаннан кейін электр энергиясын беру және сорғы станциясының қалыпты жұмыс істеуі толық көлемде қалпына келтіріледі.