Ішкі істер министрлігі Egov Mobile қосымшасында жаңа цифрлық сервисті — «Заң және Қоғамдық тәртіп» қызметін іске қосты

Ішкі істер министрлігі Egov Mobile қосымшасында жаңа цифрлық сервисті — «Заң және Қоғамдық тәртіп» қызметін іске қосты

Egov Mobile мобильді қосымшасында жаңа функция — «Заң және Қоғамдық тәртіп» бөлімі пайда болды. Енді азаматтар полицияға құқықбұзушылықтар туралы жедел түрде хабарлай алады.

Қоғамдық тәртіптің бұзылуы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жол-көлік оқиғасы немесе балаға қатысты оқиға жөнінде полицияға тікелей қосымша арқылы хабар беруге болады. Енді бұл үшін қоңырау шалып немесе бөлімшеге барудың қажеті жоқ.

«Заң және Қоғамдық тәртіп» иконкасын басқаннан кейін бірден өтініш жіберу формасы ашылады. Хабарлама кезекші бөлімге автоматты түрде түседі, содан кейін полиция қызметкерлері дереу әрекет етеді.

Қызметті пайдалану бойынша нұсқаулық қосымша ішіндегі бейнероликте берілген.

Бұл жаңа цифрлық сервис – азаматтар мен полиция арасындағы ашық, жылдам және қолжетімді байланысқа жасалған маңызды қадам.