2025 жылғы 23 маусымда Тәуелсіздік даңғылы бойымен өтетін ТМ-2 жылу магистралінде диаметрі 200 мм болатын ақаулы ысырманы ауыстыру бойынша жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Аталған жұмыстарға байланысты қаланың орталық бөлігінде орналасқан 124 көппәтерлі тұрғын үй уақытша ыстық сумен жабдықтаудан ажыратылады.
Қалпына келтіру жұмыстары 2025 жылғы 23 маусым күні сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жалғасады.
Келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.